27 мамыр күні Ресей президенті Владимир Путин мемлекеттік сапармен Астанаға келді. Елорда әуежайында мәртебелі қонақты ресми делегация қарсы алды.
Сапар аясында Владимир Путин Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен келіссөздер өткізеді. Кездесу барысында екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік, экономика, энергетика және халықаралық ынтымақтастық мәселелері талқыланбақ.
Сонымен қатар, Астанада Еуразиялық экономикалық форум мен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтеді. Бұл шараларға бірнеше мемлекет басшылары қатысады.
Айта кетейік, Путиннің Қазақстанға мемлекеттік сапары 27–29 мамыр аралығына жоспарланған.