Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары аудиторлық палатаның (ЖАП) сегіз мүшесін тағайындау туралы жарлықтарға қол қойды. Бұл туралы Ақорда мәліметіне сүйеніп хабарланды.
Жоғары аудиторлық палатаның мүшелері болып:
🔹 Бақыт Орустемұлы Әбілдинов – бұрынғы қызметінен босатылып, ЖАП мүшесі болып тағайындалды;
🔹 Рахымжан Мырзаханұлы Ділдәев;
🔹 Амангелді Сағандекұлы Исенов;
🔹 Ғабиден Хасенұлы Жақсылықов;
🔹 Руслан Қасқырбекұлы Мелдебеков;
🔹 Нұрлан Амангелдіұлы Нұржанов;
🔹 Ардақ Мырзабайұлы Теңгебаев;
🔹 Юлия Федорқызы Энгель тағайындалды.
Бұған дейін Курултайдың пленарлық отырысында депутаттар Мемлекет басшысының Жоғары аудиторлық палатаның мүшелерін тағайындауына келісім берген болатын. Кандидаттарды Президент Әкімшілігінің басшысы Роман Скляр таныстырды.
Айта кетейік, Конституцияға сәйкес, Жоғары аудиторлық палатаның сегіз мүшесін Президент Курултайдың келісімімен бес жыл мерзімге тағайындайды.
Сондай-ақ 23 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық сот судьялары мен Орталық сайлау комиссиясының мүшелерін де тағайындады.