Алматыдағы «Қазақфильм» киностудиясының аумағында қазақ киносының тарихы мен мәдениетін насихаттайтын жаңа қоғамдық кеңістік құру жоспарланып отыр. Қазіргі таңда болашақ «Қазақфильм» кинематографиялық паркінің тұжырымдамасы әзірленуде.
Жоба аясында келушілерге арналған тақырыптық аймақтар, амфитеатр, мультимедиялық инсталляциялар және ашық аспан астында фильмдер көрсетуге арналған арнайы алаңдар қарастырылған.
Жаңа кеңістік кино өнеріне қызығушылық танытатын тұрғындар мен қала қонақтары үшін мәдени әрі демалыс орнына айналуы көзделіп отыр. Жоба қазақ киносының тарихын заманауи форматта таныстыруға бағытталған.
Бұл туралы 23 қыркүйекте хабарланды.