Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы сессиясында ұйымның төрағасы сайланды. Жиын барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановтың кандидатурасын ұсынды.
Ұсыныс сессияға қатысушылар тарапынан қолдау тауып, Ерлан Қошанов Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы болып сайланды.
Жаңа органның алғашқы сессиясында оның алдағы жұмысының негізгі бағыттары мен қоғамдық маңызы бар мәселелер де қаралды. Қазақстан Халық Кеңесі қоғам мен мемлекет арасындағы өзара байланысты нығайтуға бағытталған алаң ретінде жұмыс істейді.