Қазір елордада жалпы құны 1,9 трлн теңгені құрайтын 175 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр.
Жаңа кәсіпорындар мыңдаған жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Олардың қатарында сүт және нан өнімдерін өндіретін кешендер, медициналық бұйымдар зауыты мен ет өңдеу кәсіпорындары бар.
Нәтижесінде шамамен 24 мың жаңа жұмыс орны құрылып, Астана инвестиция көлемі бойынша елімізде көш бастады.