Астана қаласының Сарайшық ауданындағы бірқатар көшелер қиылысында жол жабынын жаңарту жұмыстарына байланысты автокөлік қозғалысы уақытша шектеледі. Бұл туралы Kazinform агенттігі Астана әкімдігіне сілтеме жасап хабарлады.
Жөндеу жұмыстары мына қиылыстарда жүргізіледі:
Ж. Нәжімеденов / К. Қуанышбаев – 10 маусым сағат 21:00-ден 11 маусым сағат 07:00-ге дейін;
Ж. Нәжімеденов / К. Аманжолов – 12 маусым сағат 21:00-ден 13 маусым сағат 07:00-ге дейін;
Ж. Нәжімеденов / С. Нұрмағамбетов – 13 маусым сағат 21:00-ден 14 маусым сағат 07:00-ге дейін;
С. Нұрмағамбетов / А. Байтұрсынов – 14 маусым сағат 21:00-ден 15 маусым сағат 07:00-ге дейін.
Осы кезеңде жүргізушілерге қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, уақытша енгізілген шектеулерді ескеру ұсынылады.
Айта кетейік, бұған дейін Астанада Н. Төлебаев даңғылының бір бөлігі 20 маусымға дейін жөндеу жұмыстарына байланысты жартылай жабылатыны хабарланған болатын.