1-2 маусым күндері «Серпін» ұлттық қоры мен «Ұлттық құндылықтар академиясы» ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің TATULYQ.KZ жобасы аясында Шымкент өңірінде ұлттық құндылықтарды, отбасы институтын және бала тәрбиесін нығайтуға бағытталған іс-шаралар өткізді.
Сапар барысында «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпазы Болатбек Бейсбековтің отбасымен кездесу ұйымдастырылып, қазақтың дәстүрлі қолөнері мен ұлттық мұрасын дамытудағы еңбектерімен танысты.
Сонымен қатар Мұхтар Әуезов оқу орнының ғалымдары және қоғам өкілдерімен кездесулер өтіп, ұлттық құндылықтарды білім беру мен тәрбие жүйесіне енгізу мәселелері талқыланды. Сарапшылар жас отбасылар тәрбиесі мен тарихи мұраны насихаттау тақырыптарында дәрістер оқыды.
Жоба аясында дайындалған «Тату отбасы» видеоматериалдары TATULYQ.KZ платформасында жарияланады.