Салтанатты қарсы алу рәсімінде екі елдің президенттері ресми делегация мүшелерін таныстырды. Сондай-ақ Құрмет қарауылының сап түзеуі өтіп, Қазақстан мен Черногорияның мемлекеттік әнұрандары орындалды. Бүгін мемлекет басшылары жоғары деңгейдегі келіссөздер өткізеді.
Келіссөздер барысында тараптар Қазақстан мен Черногория арасындағы саяси диалогты нығайту, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылайды. Сонымен қатар өзара сауда көлемін арттыру және бірлескен жобаларды жүзеге асыру перспективалары қаралады.
Айта кетейік, Яков Милатовичтің Қазақстанға ресми сапары 18-20 маусым аралығында өтуде. Бұл сапар екі мемлекет арасындағы байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге және өзара тиімді әріптестікті одан әрі дамытуға серпін береді деп күтілуде.