Облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы облыстық комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиынға құқық қорғау органдары мен тиісті сала басшылары қатысты.
Отырыста Қызылорда және Байқоңыр қалаларында, сондай-ақ Қазалы мен Арал аудандарында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған кешенді профилактикалық жұмыстардың нәтижелері талқыланды.
Сонымен қатар 2024–2026 жылдарға арналған діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жөніндегі жол картасының орындалу барысы қаралды.
Жиын қорытындысы бойынша жауапты сала басшыларына талқыланған мәселелерге қатысты нақты тапсырмалар берілді.
